Тасқын салдарынан үйсіз қалған петропавлдықтарға Солнечный ықшам ауданынан 100 жер учаскесі беріледі

СҚО-да су тасқынының екінші толқыны басталды. Мамандардың болжамынша, Петропавлға су бір-екі күнде жетеді. Облыс орталығында  су басқан аудандардағы суды сору жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілетін болады. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавл қаласы бойынша 1939 үй су астында қалған.  Атап айтсақ,  Ойқала ықшам ауданында – 1166, Былғары зауыты кентінде – 358, Заречныйда – 239, Борки кентінде – 40, Карерьный көшесінде – 136 баспана. Облыс тұрғындарына бір реттік төлемге 724 млн теңге бөлінген. Әлеуметтік төлемге 1569 адам өтінім берсе, қазіргі уақытта 957 адам өз ақшасын алған.

«Зардап шеккендерге 2884 адамға шақталған 10 жатақхана беріледі. Қазіргі уақытта 647 адам жатақханаға көшірілді. 425 орын әлі бос. Студенттер демалысқа кеткен соң тағы да орындар  босайтын болады. Қазір Ойқала ықшам ауданындағы  12 жеке тұрғын үйге техникалық қадағалау жүргізілді. 18 тұрғын үй қоры мен коммерциялық тұрғын үйлерден 197 пәтерлік пул құрылды. Мердігер ұйымдармен тиісті меморандум жасалды. Пәтер бағалары 22 млннан аспауы керек. Қаладағы риэлторлармен де келістік. Ал жеке тұрғын үйлерге Солнечный ықшам ауданынан 100 жер учаскесі беріледі деп белгіленді», — деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Петропавлда су басқан жерлерді қайта қалпына келтіруге түрлі аудандар көмекке келетін болады. Аймақ басшысы облыстағы барлық сорғы станцияларын Қызылжар ауданы мен Петропавлға жұмылдыру керек екенін тапсырды.

Тағы оқыңыз:СҚО-да бір апта ішінде тоғыз адамды кене шаққан

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x