Қызылжар ауданындағы 18 елді мекенде 1485 үй су астында қалды. 8600-ден астам адам эвакуацияланған. 100 АЕК көлемінде бір жолғы төлемді қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта 860 азаматқа 317 млн ​​теңге төленген, деп хабарлайды Qazaqstan media.

Облыстық әкімдікте өткен жиында Қызылжар ауданының әкімі де есеп берді. Сақтаған Сәдуақасовтың сөзінше, ауданда қазіргі таңда 70 үйге техникалық қадағалау жүргізілген. Бір ретік төлемге өтінімдер қабылданып жатыр. Арнайы мобильді топтар да құрылған.

«Әзірге 1485 адамның 337-сі ғана өз мүлкін қалпына келтіруге өтініш берді. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі елді мекендерге барып мүлікті бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Елді мекендердегі суды сору жұмыстары да жүргізілуде», – деді Қызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуақасов.

Жиында облыс әкімі барлық аудан әкімдері мен жауапты орган басшыларына су тасқынынан кейінгі жағдайды тез арада қалпына келтіру керек екенін тапсырды. Зардап шеккен тұрғындар күн суытқанша, яғни 3 ай ішінде  өз үйлеріне кіруі керек екенін де айтты.

«Техникалық қадағалаудан соң бірден жұмысқа кірісіңіздер. Барлық үйлерден, аулалардан су сору жұмыстары жүргізілсін. Егер әр үйге мотопомпа қою керек болса қойыңыздар. Бір елді мекенде 50 үй болса 50-ін жұмылдырыңыз. Тез арада қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілсін», – деді облыс әкімі.

Тағы оқыңыз:Тасқын салдарынан үйсіз қалған петропавлдықтарға Солнечный ықшам ауданынан 100 жер учаскесі беріледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x