қой фермасы

«Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл-көсір» демекші, тайыншалық кәсіпкер 2021-ші жылдан бастап қой шаруашылығын дамытуды қолға алған. Қазір мұндағы Шопан ата төлдерінің саны 3 мыңға жеткен. Биыл фермер асыл тұқымды малды сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

қой шаруашылығы

Тайынша ауданына қарасты Ильичевка ауылында орналасқан «Шұғыла LTD» ЖШС-і 2021-ші жылы құрылған. Серіктестік «Солтүстік» ӘКП арқылы 100 млн теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, 1112 бас қой сатып алған. Бүгіндері мұндағы Шопан ата төлдерінің саны 3 мыңға жеткен.

«Ферма Амандық ауылының шетінде орналасқан. Ол жақта малға арналған жылы қорамыз бар. Сол жерде жем-шөбімізді де даярлаймыз. Қойлардың жартысы еділбай, тағы бір бөлігі қазақтың құйрықты дөрекі жүнді тұқымдас мал», — дейді серіктестік бригадирі Мұхаммед Манап.

Қой фермасы 14 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнда еңбек ететін азаматтардың арасында қандастарымыз да бар. Мәселен, шаруашылық бригадирі Мұхаммед Манап осыдан 20 жыл бұрын Қытайдан көшіп келген. «Шұғыла LTD» серіктестігінде еңбек етіп жүргеніне 2 жыл болған.

«Жұмысым өзіме ұнайды. Қой өсіріп, бағумен үйде де айналысамын. Жалақымыз жақсы. Жұбайым аспазшы болып жұмыс істейді. 4 балам бар. Үлкен ұлдарым студент болса, кішкентайлар мектепте оқиды. Осы ауылда Қытайдан көшіп келгелі бері тұрып келеміз»,-дейді «Шұғыла LTD» ЖШС бригадирі Мұхаммед Манап.

Серіктестік биыл асыл тұқымды төлдерді өзге өңірлерге сатуды жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: Балалабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x