СҚО әкімі Қайырлы Едіресовтың отбасына көңіл айтты

78 жасына қараған шағында еңбек ардагері, СҚО-ның Құрметті азаматы Кайырлы Едіресов өмірден озды. Осыған байланысты өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұханбетов оның отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қайырлы Едіресұлы Есіл ауданы Орталық ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Николаев орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған.

Жастайынан өңірдің қоғамдық және саяси өміріне белсене араласты. 19 жыл партия органдарында қызмет етіп, аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы болды.

17 жыл бойы Есіл ауылшаруашылық колледжін басқарып, үлгілі оқу орындарының біріне айналдырды.

2008-2016 жылдары аралығында екі шақырылымдағы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды. Оның басшылығымен облыстық мәслихат өңірдегі маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынас қалыптастырды.

Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық кеңесін де басқарып, өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысты. 

Адал еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ағарту үздігі» төсбелгісімен, «Құрмет» орденімен және басқа медалдармен марапатталған.

«Қайырлы Едіресұлы адалдығымен, қарапайымдылығымен, өзіне және қарамағындағыларға жоғары талапшылдығымен ерекшеленді. Қайырлы Едіресұлының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Оның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», — деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 7600 көпбалалы анаға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x