2024 жылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Рамазан айында пітір садақа мөлшері қанша болатынын айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

Биыл пітір садақа мөлшері  екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып келісілді.

Бидай 2 келі – 341 теңге.

Ұн 2 келі – 640 теңге.

Арпа 4 келі – 701 теңге.

Мейіз 2 келі – 5745 теңге.

Құрма 4 келі – 8536 теңге.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және тағы басқа елдердің ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті», – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-інен 6-сына қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.

Еске сала кетейік, былтыр пітір садақа мөлшері 535 теңге болған.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі Қайырлы Едіресовтың отбасына көңіл айтты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x