СҚО-ның 27 тұрғыны қаржы пирамидасына кіріп, 22 млн 700 мың теңгесінен айырылған

Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында ҚР аумағында «chia Tai-Tianqing» инвестициялық компаниясының ұйымдастырушылары әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды қаржы пирамидасына шақырған. Оның құрамына 27 солтүстікқазақстандық та кіріп, 22 млн 700 мың теңгесінен айырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Облыстық экономикалық тергеу департаменті биыл «Hermes Ltd» қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық істі де сотқа жолдаған. Бұл пирамидаға 15 салымшы 15 млн 600 мың теңгесін салған екен. Сонымен қатар, қазір ҚК 217 – бабы 2 – тармағы бойынша «Chia Tai-Tianqing Pharmaceutical» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 27 өңір тұрғыны осы пирамиданың құрбаны болған. Естеріңізге сала кетейік, СҚО-да экс-полицейлер Qnet қаржы пирамидасына тұрғындарды тартып келгендігін айтқан болатыныз. Қазір осы іс бойынша да қылмыстық тергеу жүріп жатыр. Финмониторинг агенттігінің деректері бойынша, Қазақстандағы қаржы пирамидаларының құрбандары әдетте 31 жастан 60 жасқа дейінгі адамдар.

«Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Тоқта, пирамида!» шеңберінде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен сабақтар өткізеді. Алайда, күмәнді операцияларға ақша салатын азаматтардың саны жылдан жылға артып келеді. Мәселен, «Qnet» қаржы пирамидасына 72 салымшы өзінің 82 млн теңге сомасын сеніп тапсырған. Көбінесе алаяқтар өз қызметін «қаржы пирамидасы» деп атамайды, өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсетеді», – деді облыстық экономикалық тергеп-тексеру  департаменті тергеу басқармасының бастығы Ержан Өмірбеков.

Тағы оқыңыз: Қазақстан 2024 жылы бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x