СҚО-да жолдар бір жылда 580 шақырымға қысқарған

Солтүстік Қазақстанда аудандық маңызы бар жолдар қысқарып жатыр. Оған ауылдардың жабылуы себеп. Мысалы, былтыр жолдар 580 шақырымға азайған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы автожолдарының ұзындығы 8 416, 2 шақырымды  құрайды. Оның ішінде 1 970-і  республикалық маңызы бар, 6 446 шақырымы жергілікті жолдар. Осы жергілікті жолдардың 4 463, 2 шақырымы аудандық жолдарға жатады. Алдыңғы жылдары оның ұзындығы 5 043 км болған екен.

«Елді мекендердің жабылуына байланысты аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына түгендеу жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының желісі 580 км — ге қысқартылды. Бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы да жалғасады. Жалпы 2024-2025 жылдар аралығында  аудандық маңызы бар тағы 400 км жолды қысқарту жоспарлануда», — деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.

Жалпы, 2023 жылы облыстағы автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту мақсатында 40 млрд теңге бөлініпті. Соның есебінен барлық аудандар бойынша 770 шақырым, оның ішінде республикалық желі бойынша 148, жергілікті желі бойынша 480 шақырым жол жөнделген. Нәтижесінде, 47 ауылдың жолы жақсарды. Ал Петропавл қаласында 142 шақырым жол қалыпқа келтірілген.

Тағы оқыңыз: Елімізде жұмыс орнында отырыс жасағандарға айыппұл салынады

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x