Петропавлда қару асынған бала ұсталды

Петропавлда тәртіп сақшылары қару асынған баланы ұстады. Ол туралы облыстық полиция депратменті  хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

19-шы ақпан күні 102 арнасына көшеде қолында мылтық тәрізді зат ұстаған баланың кетіп бара жатқаны  туралы хабарлама  түседі. Көп ұзамай үстіне әскерилердің жасыл ала киімін киген жасөспірімді полицейлер ұстады.

«Полиция қызметкерлері қару-жарақ тәрізді затпен қаланы аралап жүрген кәмелетке толмаған баланы тексерді. Оның айтуынша, ол достарымен ойнау үшін солардың ауласына қара бара жатқан. Ал қолындағы зат – ойыншық мылтық болып шықты. Баланың айтуынша, ойнау үшін достарының ауласына бара жатқан», – деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.

 

 

Демалыс күндерінен бері түрлі мессенджерлерде «Петропавл қаласындағы мектептерде терракт болады» деген хабарлама тараған болатын. Содан бері полицейлер әр білім ордасын күзетуде.

«Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Петропавл қаласы мектептеріндегі терроризм бойынша жалған ақпарат таратушыларды анықтау бойынша жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Сонымен бірге оқу орындарында күзетті күшейтіп, қауіпсіздікті қамтамсыз ету шаралары қабылданды», – деді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Сонымен қатар, өңірдің бас полицейі жағдай оның жеке бақылауында екенін айтты.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жолдар бір жылда 580 шақырымға қысқарған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x