СҚО-да жалған дипломы бар мұғалім балаларға сабақ берген

Солтүстік Қазақстанда жалған диплом жасатып алған бастауыш сынып мұғалімі балаларға сабақ беріп келген. Аталған фактіні өңір прокурорлары тексеріс кезінде анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жалған диплом жасап алған мұғалім Айыртау ауданындағы мектептердің бірінде бастауыш сынып оқушыларына сабақ беріп келген. Бір қызығы, оқу ордасында бірнеше жыл бойы бала оқытқан ұстаздың мұндай заң бұзушылыққа барғанын ешкім білмеген-мыс. Бұл сұмдық жағдай тек прокурорлық тексерістен кейін ғана әшкере болған.

«Қадағалау органының материалдары бойынша аудандық полиция бөлімі аталған ұстазға қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бірақ Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігінің тәртібімен қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің өтуіне байланысты іс тоқтатылды», — деді облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.

Тағы оқыңыз: СҚО мектептері наурызда сабақ уақытын өзгерте ме?

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x