СҚО мектептері наурызда сабақ уақытын өзгерте ме?

Наурыз айынынан бастап еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Сол себепті мектептерде бірінші ауысымдағы сабақтардың уақытын өзгертуге болады, деген еді оқу-ағарту министрі. Cонымен, өңір мектептерінде өзгеріс бола ма? Бұл сауалды Qazaqstan Media редакциясы облыстық білім басқармасына жолдады.

Сейсенбі күні ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев наурыз айында мектептердегі сабақтардың басталу уақытын өзгеруге мүмкіндік бар деген болатын. Бұл әсіресе, бірінші ауысымда оқитын балаларға қатысты айтылған еді.

«Оқу уақыты бойынша, әрине, жергілікті атқарушы органдарға қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақытын қайта қарауға мүмкіндік береміз. Мұнда ешқандай кедергі жоқ. Мысалы, таңертеңгі сағат 8.00-де оқуды бастайтын мектептер 8.30-да бастауы мүмкін. Әрине, мүмкіндіктер бар», – деген еді министр.

Бұл орайда, редакция облыстық білім басқрамасына сауал жолдап, өңір мектептеріндегі сабақ уақытының кестесінде өзгерістер күтіле ме деп сұраған еді.

«Әр мектеп әкімшілігі өздігінен шешім қабылдайды. Егер олар қажет деп жатса, сабақтың басталу уақытын өзгертеді. Қазірдің өзінде әр мектепте сабақ әр уақытта басталады», – деп жауап берді білім басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мас адам өз үйінде аяқ-қолын үсіріп алды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x