СҚО-да оқушылар арасында әлімжеттік азаймай тұр

Солтүстік Қазақстан облысы мектептерінде буллинг мәселесі өзекті болып отыр. Прокурорлар тексеріс жүргізіп, бір аптада білім ордаларында оқушыны қорлаудың сегіз фактісін анықтаған. Оның үшеуі аудандарда орын алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау үшін құрылған мобильді топтар білім беру мекемелерін тексерді. Олар мектептерде болатын буллингті оқу ордаларының әкімшілігі жасыратынын анықтаған. Мысалы, Есіл ауданындағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушылары төменгі сыныпта оқитын балаға әлімжеттік көрсеткен. Бастауыш сынып оқушысының ата-анасы жағдайды сынып жетекшісіне айтқан. Бірақ мұғалімдер оқушылармен түсіндірме жұмыстарын ғана жүргізген.

«Мектеп әкімшілігі факт жайында полицияға, жоғары тұрған білім беру органдарына хабарламаған. Қазіргі кезде жауапты мамандарға қатысты шешім қабылдануда. Оған  тәртіптік жаза қолданылады. Және фактіні жасырған үшін әкімшілік жазаға тартылады», – деді  облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.

Жалпы мектептегі буллинг қалада да, ауылдарда да тіркеліп отыр. Әсіресе, жоғары сыныптың балалары арасында көп екен. Бір-біріне күш көрсету, дене жарақатын алу сынды фактілер бар. Бір апта ішінде прокурорлар сегіз жағдайды анықтаған. Оның бесеуі Петропавл қаласында, қалғаны М. Жұмабаев, Мамлют, Қызылжар аудандарында тіркелген.

Былтыр осындай мектептегі буллинг соңы қайғылы жағдайға әкелген болатын. Ол Петропавл қаласында тіркелді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жалған дипломы бар мұғалім балаларға сабақ берген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x