Солтүстік Қазақстанда жеті мектептің оқушылары сабақ үстінде тыйым салынған сайттарға кірген. Онда балаларды суицид пен зорлық-зомбылыққа итермелейтін материалдар болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі

Мұндай сұмдық жағдай Тайынша, М. Жұмабаев,  Ақжар, Шал ақын, Мамлют, Айыртау аудандары мен Петропавл қаласының жалпы білім беретін мектептерінің информатика кабинеттерінде анықталған. Яғни, тыйым салынған сайттар бұғатталмай, оқушылар үшін қолжетімді болған.

«Бұл сайттар қазір бұғатталды. Мектептердегі комьпютерлерде ешқандай шектеу болмаған. Соны пайдаланып оқушылар тыйым салынған сайттарға кіріп, бейнероликтер тамашалаған. Қазіргі уақытта мектептердегі тексеріс әлі де жалғасып жатыр. Жұмыстар аяқталған соң мектеп директорлары мен жауапты мамандар тиісті жазаға тартылатын болады»,-деді облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.

Тағы оқыңыз:СҚО-да оқушылар арасында әлімжеттік азаймай тұр

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x