СҚО-да шомылу маусымы басталғалы 3 адам суға кетті

Шомылу маусымы басталғалы бері облыстың су айдындарында 3 адам ажал құшты. Сол себепті, құтқарушылар тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірде 60 шақты өзен мен 2 мыңнан астам көл бар. Алайда, соның алпысында ғана шомылуға ресми түрде рұқсат етілген. Су айдындарының аса қауіптілері: Есіл өзені, Пестрое, Тұзды, Лебяжье, Үлкен Тораңғұл, Шалқар мен Имантау көлдері. Облыстық ТЖД мамандарының ақпаратынша, өткен жылғы шомылу маусымында 5 тұрғын суға кеткен. Марқұм болғандардың біреуі – бала.

«Соңғы 10 жылда рұқсат етілмеген аймақтарда 216 адам ажал құшты. Өкінішке қарай, 36-сы бала. Сондықтан, біз тұрғындармен профилактикалық жұмыстарды күшейттік. Шомылуға болмайтын жерлерде демалудың арты неге әкелетінін түсіндіріп жүрміз. 2023 жылдың басынан бері 4500-ден аса рейдтік іс-шара өткіздік. Қауіпсіздік талаптары жазылған 100 мыңнан астам жадынама қағаздарын азаматтардың қолына ұстаттық. Соның өзінде, биылғы шомылу маусымында 3 адам суға батып кетті», — дейді СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Кирилл Иванников.

Су айдындарында қайғылы жағдайлар тіркелмеуі үшін департамент өкілдері төмендегі талаптарды ескеруге шақырады:

— су қоймаларының жабдықталмаған учаскелерінде шомылуға болмайды;

— балаларды ересектердің бақылауынсыз су айдындарына жібермеңіз;

— мас күйде суға шомылудың керегі жоқ;

— қатты терең жерге бармаңыз.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық фермерлер облыста мал өсіру мектебін ашуды ұсынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x