Сөрені отандық тауарлармен толтыру керек – Райымбек Баталов

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов дүкен сөрелерінде отандық тауарларға басымдық беру керектігін айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сарапшылардың пікірінше, шекара маңындағы сауда, атап айтқанда импорт, отандық өндірушілерге түрлі әсер етеді. Бір жағынан, сауда нүктелерінде өнім көлемі артып, ассортимент ұлғайып келеді. Көптеген ресейлік тауар бағасы жағынан төмен, бұл қазақстандық өнімнің құнына да әсер етеді. Бұдан бәсеке де артып, жергілікті саудагерлерге нарықта өз орнын сақтап қалуға қиындық келтіреді. Салдарынан, ішкі өндіріс көлемі қысқаруы мүмкін.

«СҚО шекара маңындағы өңір болғандықтан, импорт өнімдердің отандық өндірушілерді ығыстырмауына баса назар аударуымыз керек. Біз отандық тауар өндірушілерге және жеткізушілерге жалпы сауда алаңының кемінде 70% көлемінде сауда желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуді ұсынамыз», – деді Райымбек Баталов.

Ұлттық палата өзінің трансформациясы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының отандық өндірушілерін қолдауға басымдық береді.

«Палата басшысы өңірдің өңдеу өнеркәсібіне де айрықша тоқталды. СҚО өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 82% құрады. Осы жылдың қаңтарындағы статистикаға сүйенсек, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 9,8%-ға ұлғайып, 401,6 млрд теңгеге жетті. Ең үлкен үлес тамақ өнімдерін өндіруге 55,5%, машина жасауға – 27,8%, сусын өндірісіне – 3,4% және өзге де металл емес минералды өнімдер 2,9% болды», – деп жариялады «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да шомылу маусымы басталғалы 3 адам суға кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x