Солтүстікқазақстандық фермерлер облыста мал өсіру мектебін ашуды ұсынды

Солтүстікқазақстандық фермерлер «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталовқа өлкеде мал өсіру мектебін ашуды ұсынды. Мейман бұл идеяны қолдап, Үкімет және ауыл шаруашылығы министрлігіне пилоттық жоба ретінде ұсынатындарын айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облысқа сапары барысында Райымбек Баталов Қызылжар ауданындағы сүт-тауарлы фермаларға барып, «Северный бройлер» ЖШС кәсіпорнының жұмысымен танысты. Онда жергілікті тауар өндірушілермен кездесті. Бұл құс фабрикасы өндірісте антибиотиктерді пайдаланбайды. Осылайша, сатып алушыға қолжетімді бағада экологиялық таза өнім ұсынады.

«Атамекен» басшысымен болған кездесуде маңызды сұрақтар да талқыға түсті. Атап айтсақ, мал шаруашылығы институтын облыс басқармасына беру қажеттілігі сөз етілді. Осылайша, фермерлер біздің өтінішіміз ескеріледі дейді. Жергілікті кәсіпкерлер Райымбек Баталовқа жас мамандарды дайындаудың қаншалықты маңызды екенін жеткізді.

«Үлкен буын кетеді, жұмыс істейтін маман болмай қалады», – дейді олар.

Осы ретте фермерлер Солтүстік Қазақстан жерінде мал шаруашылығы мектебін ашуды ұсынды. Идея мейманның құлағына жағып, қолдау тапты.

«Бизнестің бұл бастамасын Үкімет және ауыл шаруашылығы министрлігіне пилоттық жоба ретінде ұсынамыз. Бұл бизнестің қалауы», – деді Райымбек Баталов.

Тағы оқыңыз: Полицейлерге бағынбай, жаяу жүргіншілер көшесінің бойымен қашқан скутер жүргізушісі іздестірілуде

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x