СҚО-да пойыз билеттерінің бағасы 20% - ға өсті

Биыл теміржол қызметтерінің бағасы 10,5% — ға өсті.  Finprom.kz порталы атап өткендей, қызметтердің құны қымбаттауда. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша елімізде бағаның жылдық өсуі орташа есеппен 10,5% құрады. Қала маңындағы пойызда жол жүру 10,7% – ға, республикаішілік қатынастағы пойыздың плацкарт вагонында – 11,3% — ға, ал купе вагонында-9,4% — ға қымбаттады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Өңірлер арасында билет бағасының күрт қымбаттауы Маңғыстауда тіркеліп отыр, 30,3%. Екінші Жетісу облысы – 21,1%. Алдыңғы үштікке Солтүстік Қазақстан облысы да енді. Мұнда билет бағасы 20,2% өскен.

Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысында қыркүйек айында қала маңындағы пойызда жол жүру бағасының рекордтық өсуі тіркелді. Бір жылда бірден 126,7% — ға қымбаттаған. Жетісу облысына келетін болсақ, республикаішілік қатынас пойыздарында жол жүру бағасының ең көп  өсуі анықталды:  купе – 45,3% – ға, ал плацкарт-46,3% — ға.

Теміржол қызметі құнының ең төмен өсуі Шығыс Қазақстан облысында тіркеліп отыр. Бір жылда небәрі 2,4% — ға қымбаттады.

Тағы оқыңыз: 227 мың: Жалақы бойынша ең төмен көрсеткіш СҚО-да

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x