СҚО-да элеватор өртеніп, 100 тонна астық жанып кетті

Ғ. Мүсірепов ауданындағы «Ақ нан север» ЖШС өрт шығып, 100 тонна астық жанып кетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өрт 25 қазан күні түнгі сағат бірлер шамасында тіркелген. Қызыл жалынды ауыздықтауға № 16 өрт сөндіру бөлімінің 21 қызметкері мен 4 бірлік техникасы, сондай-ақ «ҚТЖ» АҚ пойызы жұмылдырылған.

СҚО-да элеватор өртеніп, 100 тонна астық жанып кетті

«Өрт 274 шаршы метр аумақты шарпыған. Салдарынан 100 тонна күнбағыс дәні мен астық кептіргіш жанып кеткен. Сондай-ақ қызыл жалын жақын маңда орналасқан қазандыққа ауысып, шатырын зақымдаған. Оттың өзге өнімді зақымдануына жол берілмеді. Абырой болғанда адам шығын жоқ», – делінген СҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазіргі күні келтірілген шығын мен өрттің шығу себебі анықталуда.

«Өрт таңғы сағат 07:19-да ауыздықталды. Қызыл жалынмен күресуге қатты жел кедергі келтірді. Алдын ала болжам бойынша от технологиялық процестердің бұзылуынан шыққан», – деп хабарлайды СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да пойыз билеттерінің бағасы 20% – ға өсті

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x