Солтүстік Қазақстан облысында пара алып, заңсыз көш-қонды ұйымдастырды деген күдікпен қалалық полицияның бұрынғы қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, экс-полицей ҰҚК департаменті мен СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп ұсталған. Оған пара алды және заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген айып тағылып отыр. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, осыған дейін egovpress telegram-каналы Петропавл қаласының көші-қон полициясы бөлімінің инспекторы Асан Қазесовтың ұсталғандығын жазған болатын.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жемқорлардан тәркіленген ақшаға мектеп салынып жатыр