Солтүстік Қазақстанда жауын жауып, арты ақтүтек боранға ұласты. Салдарынан өңірдегі 180-нен астам елді мекен жарықсыз қалған болатын. Қазір ауылдардың жартысында электр энергиясы қалпына келтірілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өңірде бір аптаға созылған үскірік аяздың арты жауын-шашынға ұласты. Күн жылынып көшелер көктайғаққа айналды. Ал желтоқсанның 26-сы күні қатты жел тұрып, боран соқты. Салдарынан облыстағы 13 ауданның тұрғындары жарықсыз қалды.
«Елді мекендерді жарықпен қамтамасыз ету үшін «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлерінен құрылған 55 бригада мен 55 техника және «Көкшетау Энерго» ЖШС 37 бригадасы мен 140 техникасы іске кірісті. Олар әлі де жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта 92 ауылда жарық жоқ. Бұл – 5079 абонент. Көп жерлерде қатты желдің кесірінен электр желілері үзілген», — дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукин.
Тағы оқыңыз: Мереке күндері емханаларда кезекші дәрігерлер жұмыс істейді