Су тасқыны кезінде азық-түлік бағасын көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынады

Су тасқыны кезінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтерген кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазір өңірде осы іске байланысты профилактикалық жұмыс жүріп жатыр. Сауда үстемесінің мөлшері 15 пайыздан аспауы керек, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы көтерілген жағдайда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлікке – жетпіс бес, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз АЕК көлемінде айыппұл салынады. Айта кеткен жөн, жыл басынан бері 27 кәсіпкерлік субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 26 бизнес субъектісіне ескерту беріліп, 1 бизнес субъектісі мемлекет бюджетіне әкімшілік айыппұл төледі.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өсіру 17 үйдің жанындағы дүкендерде, 7 көтерме кәсіпорны мен 3 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде анықталды.  Су тасқынына дейінгі жағдаймен салыстырып,  тауарлардың құны өскенін байқаған кез-келген тұрғын  Назарбаев көшесі 83 мекенжайы бойынша немесе 87152468133, 460094 телефоны бойынша біздің департаментке хабарласа алады. Сондай-ақ е-отиниш ақпараттық платформасы мен е-gov порталы бойынша өтініштер жіберуді сұраймыз», – деді ҚР сауда және интеграция министрлігі СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Қанат Жеңісбекұлы.

Тағы оқыңыз:СҚО-ға Өскеменнен 19 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x