Коттедждер мен таунхаустар суда тұр: Тепличный ауылына су кірді

Қызылжар ауданының Тепличный ауылына су кірді. Тасқын су бірнеше үйді басып қалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Тепличный ауылындағы бөгетті су шайып кетті. Тасқын су бірнеше үйге кірген. Сондықтан елді мекен тұрғындарын эвакуациялау басталды.

Коттедждер мен таунхаустар суда тұр: Тепличный ауылына су кірді

«Жиһаздарды биікке көтеріп қойдық. Енді киімдерімізді жинап, отбасымызбен туысқандарымыздың үйіне кетіп бара жатырмыз. Көшенің басындағы баспаналарға су кіріпті. Бізге әлі жете қойған жоқ. Бәрі дұрыс болады деп ойлаймын», – дейді Тепличный ауылының тұрғыны Иван Бочегов.

Жалпы Тепличный ауылында 890 адам тұрады. Бүгіндері соның 250-ге жуығы эвакуацияланған.

«Ауыл тұрғындарын толығымен эвакуациялау қажет. Бұл шаруаны жақын арада аяқтауды жоспарлап отырмыз. Әзірге, нақты қанша үйді су басқаны белгісіз», – деді Қызылжар аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Әзімхан Мерғасымов.

Ал құтқарушылар мен әскерилер бөгетті нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Коттедждер мен таунхаустар суда тұр: Тепличный ауылына су кірді Коттедждер мен таунхаустар суда тұр: Тепличный ауылына су кірді Коттедждер мен таунхаустар суда тұр: Тепличный ауылына су кірді

Қазір Тепличный ауылы электр энергиясынан ажыратылған.

Тағы оқыңыз: Су тасқыны кезінде азық-түлік бағасын көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x