[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-17-at-12.59.34-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

«Солтүстік -2023» қысқы спорт ойындары аясында Борки кентінде шаңғы жарысы өтуде. Облысымыздың әр ауданынан келген қыз-жігіттер 3 күнге созылатын дода барысында классикалық шаңғы жүрісі, спринт және эстафетадан бақ сынамақ, деп хабарлайды Qazaqstan Мedia тілшісі.

Дәстүрлі «Солтүстік-2023» қысқы спорт ойындары биыл осымен 27-ші рет ұйымдастырылды. Өткен жылы облыс спортшылары М.Жұмабаев ауданында спорттың 10-ға жуық түрінен мықтыны анықтаса, биыл қонақтарды Ғабит Мүсірепов ауданы қарсы алмақ. Бұған дейін спортшылар президенттік көпсайыстан және шайбалы хоккейден жарысқа түссе, бүгінгі күні керлинг және шаңғымен жүгіруден сайысуда. Жалпы классикалық шаңғы жүрісі, спринт және эстафета жарыстарына 18,19,20 жас аралығындағы 150 қыз бен жігіт қатысуда.

«Классикалық шаңғы жүрісінде ерлер 10 шақырымды, қыздар 5 шақырымды бағындырулары тиіс. Ертең спринт және арғы күні эстафета жарысы болады. Жалпы, спартакиаданың беделі жылдан жылға артып келеді. Қатысушылар қатары  көбеюде», — дейді жарыстың бас төрешісі Владимир Щербаков.

Шаңғымен жүгіру жарысының финалы ақпанның 24-і мен 26-сы аралығында Ғабит Мүсірепов ауданында өтпек. Бұдан бөлек, дәл осы күндері 13 ауданның спортшылары шорт трек, футзал, шайбалы хоккей, конькимен жүгіру сынды спорт түрлерінен мықтыны анықтайды.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x