Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивіне - 100 жыл

Биыл СҚО мемлекеттік архив қызметіне 100 жыл толды. Осыған орай Петропавлда салтанатты шара өтіп, салада еңбек етіп жүрген қызметкерлер марапатталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық архив қорында 4 ғасырдың тарихын баяндайтын 2 млн-ға жуық құнды құжат сақталған. Соның 4,5 пайызы электрондық форматқа көшірілген. Осының арқасында жұмыс едәуір жеңілдеп, сұранымдарға жедел түрде жауап беріледі. Яғни, деректерді жинақтау жаңа деңгейге көтерілген. Бұл «Мәдени мұра», «Архив-2025» жобаларын іске асырудың арқасында мүмкін болған.

«100 жылдың ішінде архив саласы бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда облыстық архив жүйесінің құрамында архивтер және құжаттамалар бөлімі, мемлекеттік архив, қалалық және 13 аудандық архив бар. Облыстық архивте 800 мыңға жуық құжат сақталған. Бұл Ұлттық архив қорының құжаттары. Мекеме 4 бөлімнен тұрады», — дейді Солтүстік Сазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова

Бүгінгі күні мекемеде 196 маман еңбек етеді. Атаулы датаға орай олардың бірқатары кәсібилігі және саланы дамытуға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды. Салтанатты шараға Қазақстан мен Ресей Федерациясы мұрағатының өкілдері де қатысты.

«Солтүстік Қазақстан мен Астана қаласының архиві арасында өте тығыз байланыс бар. Сонау 19 ғасырдан бастау алған десем де артық айтпаймын. Себебі, сол уақыттағы орталық губернияның орталығы осы Петропавл қаласында болған. Сондықтан Астана, Ақмола өңіріне қатысты көптеген құжаттар осы Қызылжар архивінде сақталған. Осы себептен де, біз бауырлас қала болып есептелеміз», — дейді Астана қаласы архиві директорының орынбасары Жангелді Бимолдин.

Тағы оқыңыз: Тұтынушылық несие бойынша шектеулер енгізіледі

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x