Тұтынушылық несие бойынша шектеулер енгізіледі

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берілетін тұтынушылық кредиттердің сомасын заңнамалық тұрғыдан шектеуді ұсынады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Біз бұл түзетулерді әлі таныстырған жоқпыз, бірақ, ең алдымен, онлайн-қарыздар бойынша қызмет күшейтілетін болады. Кейде жеке кәсіпкерлер бизнес мақсаттары үшін бірнеше миллиард теңге тұтынушылық несие алады, бірақ кепілсіз»,-деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Сонымен қатар, агенттік тұтынушылық кредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін  төмендетуді тағы да ұсынады. Ұйым осыған дейін бұл ұсыныс бойынша қаулыны наурызда жариялаған болатын. Кейін  құжатты нарық қатысушыларымен қайта талқылау үшін алып тастады..

«Біз микроқаржы ұйымдары беретін кредиттер бойынша мөлшерлемелерді төмендетуді, табысқа байланысты тұтынушылық несиелер бойынша шектеуді, яғни қарыз алушының төлем қабілеттілігін неғұрлым қатаң растауды жоспарлап отырмыз», – деді Әбілқасымова.

Оның айтуынша, түзетулерде банк немесе микроқаржы ұйымы қарыз алушыға өзінің кредиті бойынша мерзімі өтіп кеткен кезде реттеу рәсімін ұсынуы тиіс жағдайлар жазылады. Мұндай рәсім несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуді, өтеудің неғұрлым жеңілдетілген кестесін белгілеуді, сондай-ақ берешекті ішінара есептен шығаруды көздейді. Сондай-ақ, олар бұрын алған несиелері бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен қарызы бар адамдарға жаңа несиелер беруге тыйым салады.

Тағы оқыңыз: «Қазақстан халқына» қоры арқылы 818 студент тегін оқиды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x