Смирново ауылында болған жарылыстан зардап шеккен жігіттің жағдайы ауыр

Смирново ауылында болған жарылыстан зардап шеккен жігіттің жағдайы ауыр. Ол қазір реанимация бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның 8-і күні Смирново ауылында екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды. Салдарынан 12 жасар қыз қайтыс болып, 22 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген. Оның денесінің 60 %-ын күйік шалған. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр.

«Науқас қазір реанимация бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Күйік салдарынан ақуыз, су элетролит алмасуы бұзылған. Әлі қалпына келген жоқ. Толықтай жазылып кетуі үшін әлі көп уақыт керек», — деді облыстық көпбейінді аурухана дәрігерлері.

Жарылыстан зардап шеккен өзге тұрғындарға да көмек көрсетіліп жатыр. Жалпы оқыс оқиға кезінде төрт пәтер зақымданған.  

«​Жарылыстан зардап шеккен барлық отбасыларға материалдық көмек көрсетіледі, бір жанұяға тұрғын үй ұсынылды. Қалғандары туған-туысқандарының үйін паналауда. Қаражат жинау жарияланды. ​Оқыс оқиғалардың алдын-алу және ескерту мақсатында қазіргі уақытта ТЖ қызметкерлері мен әкімдік мамандары газбен жылытылатын барлық үйлерге тексеріс жүргізіп жатыр», — деді Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыз: Смирново ауылында төтенше жағдай: 12 жастағы қыз қайтыс болып, 22 жастағы ер адам ауруханада жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x