Шал ақын ауданының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Шал ақын ауданның жалпы ауданы 4,84 мың шаршы метр. Облыстағы үлесі 4,9% құрайды. Ауданда 10 ауылдық округ,  42 елді мекен  және аудандық маңызы бар бір қала бар. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ауданда 17720 адам тұрады. Бұл көрсеткіш  облыс халқының 3,3 %  құрайды. Былтыр ауданға 549 ​​адам көшіп келсе,  727 адам, керісінше көшіп кеткен. 2023 жылы Шал ақын ауданында 191 бала дүние есігін ашса,  212 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы ішкі көлемі — 42 317 млн теңгені, ал индекс көлемі — 72,8% құраған. Өсімдік шаруашылығы — 29347,8 млн теңге болса, мал шаруашылығы — 12781 млн теңгені көрсетіп отыр.

«Шал ақын ауданында 2023 жылдың 12 айында  5247,4 тонна ет өндірілді.  Сонымен қатар 27610,7 тонна сүт,  12586,8 мың дана жұмыртқа өндірілген. Ауданда 2023 жылдың қорытындысы бойынша 17,5 мың бас ірі қара тіркелген. Соның  9,5 мыңы  сиыр. Қой-ешкі саны – 27,7   мың, жылқы – 8,5 мың, шошқа – 10,5 мың, құстар – 149,9 мың», — деді Шал ақын ауданының әкімі Рахат Смағұлов.

Былтыр аудандағы   өнеркәсіп өнімінің көлемі 5677,1 млн теңгені, нақты көлем индексі 100,5% құраған. Аудындағы өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 2651,2 млн теңгені құраса, тау-кен өнеркәсібі – 680,2 млн теңге, электр энергиясын өндіру, беру және бөлу – 335,1 млн теңгені құрады.  Қазіргі уақытта Шал ақын ауданында 1143 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның 1084-і, яғни 94,8% жұмыс істейді. Кәсіпкерлердің  156-сы  заңды тұлға, 592-сі жеке кәсіпкер болса, қалған 336-сы шаруа және фермерлік  қожалықтар. Былтыр ауданда тоғыз кәсіпкерлік нысан ашылып, 23 тұрақты жұмыс орны пайда болды.

«Ауданда 43 өнеркәсіптік кәсіпорын бар. Олардың біреуі сүт зауыты, нан және нан өнімдерін шығаратын бес кәсіпорын, жартылай фабрикаттар шығаратын бір цех, төрт мал сою цехы, ауылшаруашылық жануарларына арналған дайын жем шығаратын алты кәсіпорын бар. Жиһаз шығаратын үш цех, құрылыс материалдарын шығаратын 18 кәсіпорын жұмыс істейді.  Сонымен қатар ауданымызда қиыршық тас шығаратын бір кәсіпорын және асфальт шығаратын серіктестік те бар. Биыл Сергеевкадағы сүт-тауарлы фермасына  сыртқы су құбырын тартуға 15,3 млн теңге қарастырылған», — деп мәлімдеді Рахат Смағұлов.

2024 жылдың 1 қаңтарындағы деректерге сай аудандағы бөлшек тауар айналымының көлемі 8829,5 млн теңгені құраған. Ал былтыр, яғни 2023 жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш 257,4 млн теңге болған. Ауданда 2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 6209,6 млн теңгені құрады. 7601 шаршы метр тұрғын үй халық игілігі үшін  қолданысқа берілді. Шал ақын ауданындағы Мира көшесі, 115 А мекенжайы бойынша оналасқан  27 шаршы метр тұрғын үй құрылысына биыл бюджеттен 107,4 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары үшін үш тұрғын үй сатып алуға 42 млн теңге қарастырылған. Аудандағы автомобиль жолдарының желісі 557 шақырымды құрайды. Оның 182 км республикалық маңызы бар тас жолдар болса, 78 шақырымы облыстық, қалған 297 км аудандық маңызы бар жолдар.

«Былтыр аудандық маңызы бар жолдардың 27,5 шақырымы  орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оған 868,2 млн теңге жұмсалды. Сонымен қатар 1,535 млрд теңге қаржы бөлініп, Жаңажол, Ибраево, Бірлік, Сухорабовка және Қаратал елді мекендерінің ауылішілік жолдары қайта қалпына келтірілді. Жалпы жөнделген жолдың ұзындығы – 41,3 км құрайды. Сергеевка қаласының жолдары да жөнделуде. Космонавт көшесінің 820 метрі мен Г. Бельгер көшесінің 730 метріне асфальт-бетон жамылғысын төсеу жұмыстары аяқталды. Жалпы ұзындығы 1550 метр жолға бюджеттен  98 млн теңге бөлінді. Биыл Семиполка және Сухорабовка ауылдарының  жолын жөндеу жоспарланып отыр. Сергеевкадағы жолдарды қайта жаңартуға 1190,8 млн теңге қарастырылған. Тағы көптеген аудандық маңызы бар жолдар жаңартылмақ», -деді аудан әкімі.

Шал ақын ауданындағы алты елді мекенді сумен қамту Есіл топтық су жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Былтыр ауданда Пресновский топтық су құбырынан Бірлік, Кеңес, Жаңажол, Жаңаталап, Ступинка, Семиполка, Повозочное ауылдарын біріктіретін су құбыры желілерінің құрылысы бойынша жалпы сомасы 4 млрд теңгеге екі жоба жүзеге асырылды. Мерген, Жалтыр және Крещенка ауылдарын Есіл топтық су құбырына қосу үшін құбыр желілерін салуға бюджеттен  1,6 млрд теңге бөлініп, жұмыстар басталған. Жөндеу биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Ольгинка, Сухорабовка, Афанасьевка, Ақанбарақ, Куприяновка ауылдарына су құбыры желілері мен құрылыстарын салуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленген. Қазіргі уақытта облыстық қаржы басқармасына өтінім берілді. 2023 жылы ауданға төрт кешенді су тазарту модулі сатып алынды. Биыл тағы жеті данасын  алуға келісімшарт жасалған. Бұл мақсатқа бюджеттен 61,6 млн теңге бөлінген.Білім беру саласына да жақсы көңіл бөлінген. Ауданда 30 мектеп, бір балабақша мен 26 шағын орталық жұмыс істейді.

«Ауданда мектепке дейінгі тәрбиемен 3-6 жас аралығындағы балалар толық қамтылған. Педагогикалық шеберлік санаттары бар мұғалімдердің үлесі 60,1%-дан 75%-ға дейін көбейді. Аудандағы барлық 30 мектеп кең жолақты интернетке қосылған. Алайда 14 елді мекенде мектеп жоқ. Балалар аудандағы білім ордаларында оқиды.  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша төрт ауыл мектебі күрделі жөндеуден өтті. Биыл аудандағы бес мектеп күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылмақ», — деді Шал ақын ауданының әкімі Рахат Смағұлов.  

Облыстағы медицина мамандарының тапшылығы бұл ауданда да байқалады. Қазіргі уақытта Шал ақын ауданында отолиноларинголог, эндоскопист, маммолог, онколог, педиатр сынды жеті маман тапшы. Жалпы ауданда 78 адамға шақталған аурухана, екі дәрігерлік амбулатория, үш фельдшерлік-акушерлік пункт пен 29 фельдшерлік пункт бар. Медицина мекемелерінде 32 дәрігер мен 143 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. 

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауданның  1101 тұрғыны екі қолға бір күрекпен қамтылған. Өнеркәсіп, құрылыс, тұрғын үй және ауыл шаруашылығы сынды салаларда 521 тұрақты жұмыс орны ашылған. Қазіргі уақытта ауданда 94 адам жұмыссыз ретінде тіркелген.

«2023 жылдың өткен 12 айында аудандағы жұмыспен қамту орталығындағы  мемлекеттік бағдарламаларға 957 адам қызығушылық танытты. Былтыр ауданның  449 тұрғыны  жұмыспен қамтамасыз етілді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту  бойынша Петропавл құрылыс-экономикалық колледжін есепші-кассир мамандығы бойынша екі адам бітіріп, жұмысқа орналасты. Желтоқсан айында «Отан» техникалық оқу орталығын тракторшы мамандығы бойынша 12 адам бітіріп, олар да  жұмыспен қамтылды. Және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 14 адамға грант берілді. Олардың бесеуі мүгедек. 2023 жылы ауданымызға  60 отбасы, яғни 267 адам Астана, Шымкент, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан қоныс аударды», -деді Рахат Смағұлов. 

Шал ақын ауданында 7300 адам саламатты өмір салтын ұстанады. Бұл жалпы халықтың 41,15% құрайды. 2023 жылы Повозочное ауылында  жабық хоккей корты салынды. Ы. Ыбраев ауылының мәдени-сауықтыру орталығындағы  күрес залы мен спорт залы жабдықталды. Ақан-барақ, Ольгинка және Сухорабовка ауылдарында жасанды жабындысы бар үш шағын футбол алаңы ашылды. Және жыл қорытындысы бойынша Шал ақын ауданы облыстық халық спорты ойындарының күміс жүлдегері атанды. Биыл Новопокровка ауылындағы стадионға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оған бюджеттен 100 млн теңге қарастырылған.

«Ауданымызда спортпен қатар мәдени бағыт та жақсы дамуда. Қазіргі уақытта 43 мәдениет ұйымы болса, оның 15-і клуб, 27-сі кітапхана және бір мемлекеттік музейіміз бар. Кітапханадағы кітап қоры – 196961. Және былтыр Ысқақ Ыбыраев ауылында да  клуб пайдалануға берілді. 2023 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 161 млн теңгеге  Новопокровка мен Арай ауылындағы клубтарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл  осы бағдарлама бойынша Ақсу клубы қайта қалпына келтірілмек. Оған  66,7 млн теңге бөлінген. Аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге – 159 млн теңге және аудандық кітапхана ғимаратына  64,1 млн теңге қаржы бөлінді», — дейді аудан әкімі.

2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Шал ақын ауданындағы  орташа жалақы 232532 теңгені құраған. Ауданда  ауыл, аңшылық және орман шаруашылығы саласының қызметкерлерінің орташа  айылықтары — 231 055 теңге, өнеркәсіп саласының  қызметкерлері — 161338 теңге алады. Ал құрылыс саласының мамандары —  266584 теңге, білім саласының қызметкерлері — 251337, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері — 218290 теңгені құрады.

Тағы оқыңыз:СҚО-да аудандық әкімдік екі жылдан бері бөгет салу үшін құжат дайындай алмай келеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x