шаруа қожалықтары

Бүгіндері өңірдегі шаруа қожалықтары ауылдарды дамытуға зор үлес қосып келеді. Олар елді мекендерді жол, ауыз сумен қамту сынды мәселелерді шешіп, тұрғындарды жұмыспен қамтуда. Бірақ соңғы кездері диқандардың өздері де проблемаға тап болған. Аграрийлер қазіргі күні жерлерін алып, шаруашылықтан бөлек шыққысы келетіндер көбейді дейді. Бұл мәселені олар облыстық кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен кездесуде жеткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ғ. Мүсірепов ауданындағы «Ақселеу» ЖШС 15 мың га алқапқа дәнді, дәнді-бұршақты, майлы және тағы басқа да дақылдарды себеді. Шаруашылық мол өнім алу үшін жыл сайын заманауи әдіс-тәсілдерді қолданады. Техникаларын да уақытылы жаңартып отырады. Серіктестік мал шаруашылығын да қолға алған. Бүгінде онда асыл тұқымды 600 бас ірі қара бар. Бірақ соңғы кездері жерін алып, серіктестіктен шыққысы келетіндер көбейген. Агроқұрылым басшысы осы мәселеге алаңдап отыр.

«Біздің проблемамыз мынадай: азаматтар шаруашылықтан өз жерлерін алып, бөлек кеткісі келеді. Олардың жерлерінің көлемі шамамен – 1400 га. Тұрғындар серіктестіктен шығатын болса, онда біздің техника мен қайта өңдеуге жұмсаған бар қаражатымыз зая кетейін деп тұр. Бұдан бөлек, елді мекеннің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған күш-жігеріміз де босқа кетті деген сөз. Осылай жалғаса берсе әрі қарай ауылдарды дамытуға мүмкіндігіміз болмайды деп ойлаймын. Өйткені, егін себетін аумағымыз қысқарса, онда табысымыз да азаяды. Сондықтан шаруа қожалығынан бөлек шығамын деген жандарға жердің орнына ақша берілгенін қалаймын. 1 га жерді де ел үкіметі есептесе, әділетті болар еді», — дейді «Ақселеу» ЖШС директоры Серік Малаев.

Ендігі кезекте серіктестік басшысы осы проблеманы шешуге үкімет тарапынан көмек көрсетілгенін қалайды.

«Аталған мәселе орталық аппаратта тұрған сұрақ. Яғни, қазірдің өзінде қарастырылып жатыр. Өз кезегінде біз де проблеманы зерттеп, шешу жолын іздейтін боламыз. Сіздің ұсынысыңыз жақсы екен, көңілден шықты», — деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Тағы оқыңыз: Дүйсенбай Тұрғанов: Солтүстікте еңбекке қабілетті халықтың азаюы елдің қауіпсіздігіне әсер етеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x