“Sensitive” би театры Испанияда гран-приға ие болды

“Sensitive” би театры “SEA SUN FESTIVAL” халықаралық байқауына қатысып, гран-при иеленді. Өнер додасы Испанияның Льорет де Мар қаласында өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Фестивальге 200-ден астам өнерпаз қатысты. Олар Өзбекстан, Украина, Греция, Испания, Чили, Қытай, Кипр, Дубай, Индонезия, Қазақстаннан жиналған. Жергілікті бишілер соло, дуэт, заманауи хореография, спорттық-балдық би номинациялары бойынша 6 нөмір дайындап барған.

Оны ұжымның 8 мүшесі орындады. Сайыс нәтижесі бойынша Даниял Қанғожин “Соло” номинациясында бірінші орынға ие болды. Талантты жанның Милена Новиковамен орындаған дуэті де қазылардың оң бағасын алып, 1 дәрежелі лауреат атағына лайықты деп танылды. Ерекше топ спорттық-балдық би номинациясында бірінші дәрежелі лауреат, заманауи хореография бойынша гран-при жеңіп алды.

Тағы оқыңыз: Құмар ойындардың жарнамасына тыйым салынбақ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x