СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметінен кетті

СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет басқа қызметке ауысты. Ол ҚР Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл жаңалықты Мақсат Қуанышпайұлы Qazaqstan Media редакциясының тілшілеріне айтып берді.

Мақсат Баяхмет Солтүстік Қазақстан облысының Явленка ауылында дүниеге келген. 2011 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, сондай-ақ «Құқықтану», «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», техника және технологиялар бакалавры мамандықтары бойынша «Көкше» академиясында білім алған.

Мемлекеттiк қызметтегi жұмысын 2013 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдарын пайдалану және сапасын бақылау бөлiмiнен бастады. 2015 жылы сыртқы қарыздар басқармасының бас сарапшысы, ал 2019 жылғы қыркүйектен бастап үкiметтiк қарыздарды iске асыру басқармасының бас сарапшысы лауазымын атқарды.

2019 жылғы қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi автомобиль жолдары комитетiнiң құрылыс және реконструкциялау басқармасының басшысы қызметiн атқарды. 2020 жылғы 10 маусымда СҚО жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, ал  2021 жылдың 25 наурызында басқарма басшысы болып тағайындалды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда дәмханалардың бірінде ер адамды пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x