Петропавлда дәмханалардың бірінде ер адамды пышақтап кеткен күдікті ұсталды

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері дәмханалардың бірінде ер адамды пышақтап кеткен 27 жасар петропавлдықты ұстады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы дәмханалардың бірінде демалушылар арасында жанжал шығып, ер адамдардың бірі екіншісін пышақтап тастаған. Жарақат алған азамат бірден медициналық мекемеге  жеткізілді.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын бірнеше рет сотталған 27 жастағы Петропавл тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол мас күйде болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды», — деді ҰҚҚКБ бастығы Жандос Басыбаев.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қару асынған бала ұсталды

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x