СҚО полицейлері он күн ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 75 фактісін тіркеді

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қаңтар айында ұйымдастырған «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Оның аясында  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 75 фактісі тіркелсе, соның 52-сін тәртіп сақшылары өздері анықтаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қаңтардың 15-26 аралығында болған профилактикалық іс-шараның басты мақсаты – отбасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу. Сондай-ақ полицейлердің  профилактикалық есептерінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтау. Шара барысында қиын жағдайға тап болған және тұрмысы нашар 11 отбасы тіркелді. Алкогольге тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеуге 9 адам жіберілген.

«Тұрғылықты жері бойынша есепте тұрған 883 тұлға тексерілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 133 ұйғарым шығарылды. 325 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 73 отбасылық дебошир мен агрессор», — деді өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте қалалық бірінші полиция бөлімінің ЖПҚБ бастығы Қанат Жұмабаев.

Бір қызығы, отбасылық жанжал, зорлық-зомбылық көрген әйелдердің бірде-бірі кризистік орталыққа не полицейлерге жүгінбеген.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда оқушылар қашықтан оқып жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x