[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/whatsapp-image-2023-03-24-at-122631-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Мерекелік демалыс күндері полицейлерге 9 ұрлық, 19 дене жарақаты салу, отбасылық жанжалдар бойынша 15, түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактісі бойынша 12 шағым келіп түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«102» арнасына тұрғындар тарапынан түскен қоңыраулар саны кешкілік уақытта және түнде көбейген. Осы күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға 200-ден астам қатысты. Оның құрамына Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен полицейлер кірді. Олар көшелер мен қоғамдық орындарды жаяу және автокөлікпен патрульдеуді жүзеге асырды.

«Жедел басқару орталығының мамандары жоспар бойынша қызмет атқарды. Барлық қиылыстар, көшелер мен алаңдарда орнатылған бейнекамералар пайдаланылды. Солардың арқасында мереке күндері 120 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде әртүрлі жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 49 дерек анықталған. Жалпы, мереке күндері облыстағы жағдай тұрақты болған, резонанстық қылмыстар мен оқиғалар тіркелген жоқ», – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x