[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/63eb73d11ff6f016215106.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Елімізде келесі жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға қаражат жиналып отырады. Қаржы министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдар «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосудың негізгі тәсілдерін әзірледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық балалар арасында бөлінеді. Кәмелеттік жасқа толғанша баланың шотында шамамен 3,5 мың АҚШ доллары болуы мүмкін. Бұл сома капитал нарығының құбылмалылығын ескере отырып, тарихи деректер негізінде есептелген және әлемдік экономиканың конъюнктурасына байланысты түзетілуі мүмкін. Жоба қолға алынғаннан кейін шоттар «БЖЗҚ» АҚ-да Әділет министрлігінің жеке тұлғаларының дерекқоры негізінде автоматты түрде ашылмақ. Жыл сайын қаңтар айында жобаға қатысқан сәттен бастап 18 жасқа толғанға дейін «БЖЗҚ» АҚ-дағы балалардың шоттарына шартты түрде қаражат есептелетін болады.

«Мысалы, егер бала жоба басталған кезде 5 жаста болса, оған жыл сайын 13 жыл ішінде, яғни кәмелетке толғанға дейін Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігі есептелетін болады. Жобаға Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балалар қатысады. Егер 18 жасқа дейінгі бала елден кетіп, Қазақстан азаматтығын өзгертсе, онда төлемдерге талап қою құқығы жоғалады. Қаражат барлық балалар арасында қайта бөлінеді. Бала елден 18 жасқа дейін азаматтығы ауыспай кеткен жағдайда төлемдерге талап қою құқығы сақталады», – деп жариялады министрліктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, шот қаражатын салық салудан босату ұсынылады. 18 жасқа толған кезде шоттардан қаражат төлеуді АҚШ долларымен жүзеге асыру ұсынылады.  Іс жүзінде 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда қалады және қаржы құралдарына инвестицияланады. Ақша кәмелетке толған кезде баланың меншігі болады, ол қаражатты қалай пайдалану керектігін өз бетінше шешуі керек (білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға). Қаржы 5-10 жыл бойы сақталады. Талап етілмеген жағдайда 5-10 жыл ішінде шоттағы қаражатты зейнетақы шотына аудару ұсынылады.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x