Қазақстанның киелі жерлері картасына

Бүгін Петропавлда Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне арналған «Киелі Қазақстан картасы» атты диалог алаңы өтті. Ерекше аймақтарды сақтап, дәріптеу мәселелері «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде талқыланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2017 жылы еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы шыққанын баршамыз білеміз. Содан бері Қазақстанның киелі жерлерін анықтау бойынша біршама жұмыстар жүргізілді. Алғашқы бастауларының бірі – қаладағы «Абылай хан резиденциясы» музей кешені. Бүгіндері ол еліміздің киелі жерлерінің картасына енген.

«Біздің облысымызда «Қазақстанның киелі жерлері картасына» 36 орын енді. Ол өз ішінен республикалық және облыстық болып бөлінеді. Бүгінгі диалог алаңында картаның қалай пайда болғаны туралы айтылып, жоспарлармен бөлесеміз. Мұндай шара біздің музейімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Форматы да ерекше – диалог түрінде. «Тарихты білмей, болашақ жоқ», – демекші, жастар үшін  осындай жиындардың маңызы зор», – дейді «Абылай хан резиденциясы» музей кешені директорының орынбасары  Әсемгүл Қыдбекова.

Тағы оқыңыз: Дәрігер кеңесі онлайн режимде қолжетімді болмақ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x