Құрылыстағы көрсеткіштердің өсуі туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ел бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8% — ға ұлғайған. Оң динамика 16 өңірде тіркеліпті. Бұл ретте құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Абай облысында байқалады.
«Ағымдағы жылдың қаңтар айында 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштен 3% — ға артық. Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Астанада, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалады», — деді Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында.
Тағы оқыңыз:СҚО-да 53 елікті атқан қылмыстық топқа сот үкім шығарды