Қызылжар ауданы Бескөл ауылында жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыс кубогы өтті. Дәстүрлі жарысқа облыстың әр түкпірінен бас қосқан 100-ге жуық жас спортшы қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жасөспірімдер арасында қазақ күресінен өткен облыс кубогында 11 мен 13 жас аралығындағы спортшылар қатысуда. Балуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Дүбірлі доданың бір ерекшелігі — спортшылар командалық жүйе бойынша өзара мықтыны анықтайды. Облыс кубогында жеңіске жеткен құрама республикалық сайыста өңір намысын қорғамақ.

«Жарыста жеңіске жеткен құрама облыс кубогын иеленеді. Мұнымен қоса, ел чемпионатына жолдама алады. Жалпы мұндай жарыстар жыл бойы өткізілмек. Басты мақсат — жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылыықтарын ояту», — дейді облыстық дене шынықтыру орталығы басшысының орыбасары Олжас Еркінұлы.

Ең алғашқы болып боз кілемге Тимирязов ауданың намысын қорғап Әнуар Тілеуіп шықты. Спортшы 38 кг салмақта Есіл ауданының балуанымен күш сынасты. Кездесудің басынан бастап қос спортшы ширақ қимылдап бір-бірінің осал тұсын табуға тырысты. Нәтижесінде, белдесудің аяқталуына санаулы секундтар қалған кезде тимиряздық спортшы қарсыласының жауырынын жерге тигізіп жеңісті жұлып әкетті.

«Қазақша күреспен 7 жасымнан бастап айналысып келемін. Болашақта осы спорт түрінен әлем чемпионы атансам ба деймін. Белдесуге келетін болсақ, қарсыласым өте мықты болды. Жарысқа қатысушы барлық балуандарға сәттілік тілеймін», — дейді Әнуар Тілеуіп.

Облыс кубогында барлығы 10 құрама өнер көрсетті. Жарыс қортындысы бойынша жеңіске жеткен командалар медаль, кубоктармен марапатталып, республикалық чемпионатқа жолдама алады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да желшешек жұқпасы өршіп тұр

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x