экологиялық жағдай

Өңірге жұмыс сапарымен еліміздің Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев келіп кетті. Азамат өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте облыстағы экологиялық жағдай басқаларымен салыстырғанда тұрақты екенін атап өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облысқа ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі 25,7 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40% – ға төмен. Вице-министрдің айтуынша, мұндай нәтижеге тиісті шараларды жүзеге асырудың арқасында қол жеткіздік. Алайда облыстағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының басым бөлігі ережеге сәйкес келмейді.

«Биыл ғарыштық бақылау барысында рұқсат етілмеген 163 қоқыс полигоны анықталды. Оның 98% жойылды. Ендігі кезекте су шаруашылығына тоқталайық. Халықты таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін биыл 1,2 млрд теңгеге өтінім берілді. Нәтижесінде, 3 жоба қолға алынбақ. Булаев, Есіл сонымен қатар Преснов топтық су құбырларының апаттық учаскелері ретке келтіреді деп көзделген», – деді Нұркен Шәрбиев.

Ел Президентінің 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасы аясында былтыр 1674 га жерге 7 млн көшет егілді. Осы жылы 4100 га алқапты көгалдандыру жоспарланған.

«Солтүстік Қазақстан облысында балық шаруашылығы бойынша оң нәтиже байқалады. 2022 жылы Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 986 тонна балық өсірілді. Жоспар бойынша 700 тонна өнім алынуы керек еді. Ал биыл 800 тонна балық өсіру көзделіп отыр», – деді вице-министр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ғашықтар күніне арналған іс-шара өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x