Соңғы 3 айда СҚО-да желшешек инфекциясы өршіп тұр. Мамандардың сөзінше, осы уақыт аралығында ауруды 1 мыңнан астам адам жұқтырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Инфекцияны жұқтырғандардың 90 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Ауру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Мамандардың айтуынша, желшешек ауа тамшылары арқылы таралады. Облыс бойынша 21 балабақшаның жекелеген топтарында карантин енгізілді. Карантиндік шаралар соңғы науқас оқшауланған күннен бастап 21 тәулік бойы жалғасады. Ауырғандардың 61 проценті Петропавл қаласында тіркелді.

«Карантин енгізілген ұжымдарда күн сайын дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Сосын бөлмені желдетіп отырады. Сол мекемелерде еңбек ететін мамандар балалардың қолдарын жиі жуып, жеке бас гигиеналарын дұрыс сақатуын қадағалауы тиіс»,-дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағындықова.

Тағы оқыңыз:СҚО-да ат спорты дамып келеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x