Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының орталығында екі күн бұрын ғана орнатылған жаңажылдық шырша отқа оранды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Төтенше жағдай Бескөл ауылында болған. Кешкі сағат 18:40-та құтқару қызметіне орталық алаңда орнатылған шыршаның отқа оранғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына екі көлікпен 6 өрт сөндіруші барды. Алайда олар жеткенде шыршаның күлі ғана қалған.

«От ТЖД қызметкерлері жеткенше сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін», — дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қатты боран соғып, мектеп пен балабақшаның шатырын ұшырып әкеткен

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *