СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге 403 млн теңге қарастырылған

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдың эвакуациялық пункттерін аралап, тұрғындармен тілдесті. Қазіргі уақытта облыс орталығында тасқын судан зардап шеккендер үшін жалпы 12 пункт жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Алдымен Роман Скляр мен өңір басшысы қаладағы №4 орта мектепке барды. Қазіргі уақытта бұл жерді Заречный, Тепличный мен Былғары зауыты және  Ойқала ықшам ауданынан келген  44 адам паналап отыр. Тұрғындар барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Оларға құқықтық кеңестер де тегін түрде көрсетіледі.

«Қазіргі уақытта 1178 адамнан құжаттар мен мүліктерін қайта рәсімдеуге өтініш келіп түсті. Олардың 209-ы несиелерін шегерту бойынша. Банктер адамдармен жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде», — деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қалия Түренова.

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге 403 млн теңге қарастырылған

Қазір үйлері су астында қалған тұрғындар алаңдаулы. Барлығының көкейіндегі сұрақ  саяжай тұрғындарына келген шығын өтеледі ме?

«Ешкім біздің назардан тыс қалмайды. Осы бір жолғы берілетін 100 АЕК көрсеткіш саяжай тұрғындары үшін берілетін болады. Егер сіздердің басқа тұратын жерлеріңіз жоқ болса міндетті түрде ол мәселені де шешетін боламыз. Премьер-министрдің бізге берген тапсырмасы бар. Бүгін де осы сұраққа қатысты жиын өтті. Ал құжаттарға келетін болсақ, барлығын қайта жасап,  рәсімдеулеріңіз керек болады», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Облыс орталығындағы №43 орта мектепте орналасқан эвакуациялау пункте қазір  31 адам тұрады. Олардың төртеуі кішкентай бала. Тұрғындармен кездесу барысында  Роман Скляр мен Ғауез Нұрмұхамбетов табиғи апаттан зардап шеккендердің қараусыз қалмайтынын айтты. Арнайы комиссия құрылып,  шығындарды есептейтін болады. Ал егер баспананы қайта қалпына келтіру мүмкін болмаса, жаңасы беріледі. Роман Скляр мен Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының гуманитарлық-техникалық колледжінің жатақханасына да барды. Бұл эвакуациялық пунктке  Ойқала мен Былғары зауыты аудандарының 39 тұрғыны орналастырылған. Олардың алтауы – бала.

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге 403 млн теңге қарастырылған

«Алдымен тұрғындарға пәтерлер ұсынатын боламыз. Жаңадан салынып жатқан пәтерлер мен үйлер де бар. Жақсы жиһаздалған үйлерді қарастырып көруге болады. Ал жер үйлерді Солнечный кентінен саламыз. Кәдімгі 80 шаршы метрлік баспаналар болады. Бірақ ол үшін 4-5  ай күтуге тура келеді», — деді ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр.  

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, су тасқынынан зардап шеккендерге біржолғы төлемді төлеуге 403 миллион теңге бөлінген.

Тағы оқыңыз: Ойқаладан суды сору үшін көптеген мотопомпалар және сорғы техникасы қолданылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x