СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендердің дені  жылжымайтын мүліктерін  растайтын құжатты қайта рәсімдеуге өтінім білдірген. Жалпы ХҚКО бес мыңға  жуық адам жүгінді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Тасқын судан зардап шеккен  азаматтарға көмектесу мақсатында  ХҚКО мобильдік топ құрылды.  Олар эвакуациялық пункттерге барып, зардап шеккен тұрғындарға түрлі анықтамалар алуға, құжаттарды қалпына келтіру бойынша өтініштер қабылдауға көмектеседі.

«Құжаттарды жедел түрде дайындап беруге тырысамыз. Себебі, тұрғындардың  көбі өз құжаттарын алып шығып үлгермеген.  Зардап шегушілердің арасында  мүлкін өзінің атына ресми түрде рәсімдемегендері де бар екен. Оларға да біздің қызметкерлер кеңес беріп, көмектесуде. Қазір облыс бойынша ХҚКО күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр» – дейді  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының pr-менеджері Анар Құсанова.

Петропавлдағы № 40 орта мектепте құрылған эвакуациялық пунктте қазір 29 адам тұрады. Оларға да бүгін ХҚКО қызметкерлері келіп құжаттарын рәсімдеуге көмектесті. Мамандардың көмегіне жүгінгендердің бірі – Игорь Владимиров.

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен 5000-ға жуық адам ХҚКО жүгінген

«Мен Ойқала ықшам ауданында тұрамын. Су тасқыны басталғанда барлық құжаттарымды алып шығып үлгердім. Үйіміздің қазіргі жағдайы қандай екенін білмейміз. Барған жоқпыз. Қазір бір ретік төлемге өтініш беріп жатырмын. Эвакуациялық пункте барлық жағдай жасалған, бірақ өз үйіміге тезірек кеткіміз келеді», – деді қала тұрғыны.  

Облыс бойынша бір реттік төлемді алуға екі мың адам өтініш берген. Қазіргі күні бір мыңнан аса адамға 400 млн теңге тағайындалды. Өтініштер әлі де қабылданып жатыр.

Тағы оқыңыз:22 сәуірде Петропавлда жылыту маусымы аяқталады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x