22 сәуірде Петропавлда жылыту маусымы аяқталады

Петропавлда ауа райының жылынуына байланысты 22 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады. Бұл туралы тиісті қаулыға қала әкімі қол қойған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қала әкімінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 485 қаулысы негізінде Петропавлда жылыту маусымы 22 сәуір күні аяқталады.

Жылу беруді тоқтату кезең-кезеңмен жалғасып, 10 күнге созылады. Қала мектептерінде орналасқан эвакуациялық пункттерді жылумен қамтамасыз ету жалғастырылатын болады. Ал температуралық режимді мекемелердің өздері реттейді.

«МИБ және ПИК төрағалары тұрғын үйлердегі ысырмаларды жауып, үйде ыстық су болған кезде жүйені жазғы жұмыс режиміне ауыстыруы керек. Содан пәтерлердегі жылыту радиаторлары 2-3 сағат ішінде суып қалады. Ал жылыту маусымы аяқталғаннан кейін «Петропавл жылу желілері» ЖШС жылу тасымалдағыштың ең жоғары температурасына сынақ жүргізуді бастайды. Бірінші кезең маусым айында өтеді деп жоспарланған», – деп хабарлады «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданы көктемгі дала жұмыстарына дайын

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x