СҚО-да су тасқыны басталғалы 450-ге жуық тұрғын психолог маманның көмегіне жүгінген

СҚО-да төтенше жағдайға байланысты 24 психолог маман тұрғындармен тығыз жұмыс істеп жатыр. Олардың көмегіне 450-ге жуық адам жүгінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Психолог мамандардың сөзінше, үйлерін су басқан тұрғындардың жүйкесі сыр беріп жатқан көрінеді. Себебі, шарасыз күйде қалған жандар психологтардың көмегіне  мұқтаж болады екен.

«Психикалық денсаулық сақтау орталығының мамандары өңір тұрғындарына кез келген жағдайда көмектесе алады. Бізге коронавирус кезінде де адамдар жүгінген. Тіпті орталықта жатып ем алғандар да болды. Олардың жағдайы дұрысталған соң үйіне жіберіледі. Арнайы есепке алынбайды. Қазір де су тасқынына орай арнайы орын дайындадық. Бірақ орталыққа жатуға ешкім мұқтаж емес. Қазір тасқын суға байланысты  ата-аналары өтініп сұраса, ешқандай көрсеткіш болмаса да, психикалық аурумен есепте тұрғандарды емханаға жатқызамыз», — деді психикалық денсаулық орталығының директоры Дәуренбек Бейсембаев.

 Петропавлдағы №2 орта мектепте құрылған эвакуациялық пунктті қазір 37 адам паналап отыр. Олардың 19-ы бірінші қалалық емханада диспансерлік есепте тұрады. Бұл пункттегілердің дені жасы үлкен адамдар болған соң кейде оларға күні-түні көмек көрсету керек болады дейді мамандар.

 «Қазір адамдардың үйі су астында қалып жатқандықтан көбісі оны ауыр қабылдайды. Оларға жедел түрде психологиялық көмек көрсетілмесе, адамдар агрессия көрсетіп, стресске түсуі мүмкін. Ал біз оларға барлығы жақсы болатынын, ең бастысы өздері аман қалғандарын түсіндіріп, ары қарай жол сілтейміз. Барлық эвакуациялық пункттерде біздің әріптестер күні-түні кезекшілікте тұр. Құтқарушылармен де тығыз жұмыс істеп жатырмыз», — деді психолог Ирина Якимова.  

 Ал аутизм диагнозы қойылған балалар эвакуациялық пункттерде тұра алмайды. Себебі, оларға жайлы әрі кең орта қажет. Сондықтан үйлері су астында қалған  3 аутист бала емханада жатыр.

 Тағы оқыңыз:СҚО-да сорғы станциясы паром өткеліне орнатылады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x