балық

«Петропавл балық тәлімбағы» кәсіпорнының мамандары мемлекеттік тапсырыс аясында Петропавл және Сергеев су қоймасына ақсаха тұқымдас балықтың 35 млн дернәсілін жіберді. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 30 млн теңгеден астам қаражат бөлінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Петропавл балық тәлімбағы» кәсіпорынының мамандары ақсаха тұқымдас балықтың дернәсілдерін өткен жылдың қараша айынан бастап өсірген. Олар инкубациялық цехта «Вейса» аппараттарында бапталды. 10 литрлік шарада 100 мыңға жуық дернәсіл болуы мүмкін.

«10 литрлік шарада қанша дернәсіл барын анықтау үшін біз математикалық әдіс тәсілдерді қолданамыз. Ең алдымен 100 мл сынама аламыз. Кішігірім ыдысқа дернәсілдерді жинаймыз да арнайы шыны табаққа құйамыз. Сосын комиссия мүшелері санап, сапасын бағалайды», – дейді «Петропавл балық тәлімбағы» РМҚК инкубациялық цех меңгерушісі Анастасия Молоткова.

6 ай бойы ақсаха тұқымдас балықтың дернәсілі инкубациялық цехтегі бассейндерде және арнайы аппаратта өсірілді. Олар өліп қалмауы үшін цехтың іші 1 градус жылы болса, судың температурасы + 6,+7 градустан төмендемеуі тиіс. Ал су қоймаларына балықты тірідей жеткізу үшін мамандар арнайы полиэтилен қапшықтарды оттегімен байытып, көлікпен тасымалдайды.

«Дернәсілдердің күйі жақсы, көлемдері сәйкес келеді, енді олар көлікпен тасымалданады. Дернәсілдер міндетті түрде үш сағат ішінде су қоймаларына жіберілуі керек, өйткені оларды тасымалдау кезінде ұзақ уақыт сақтауға болмайды», – дейді «Есіл облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ басшысының орынбасары Марат Есімсейітов.

Мемлекеттік тапсырысты аяқтаған соң, балық тәлімбағы көлдерді пайдаланушылардың сұранысын орындайды. Сонымен қатар күз мезгілінде тұқы балығының 1 млн шабағын көлдерге жіберуді жоспарлаған.

Тағы оқыңыз: Мал иелері үшін мобильді қосымша дайындалды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x