мал иелеріне арналған мобильді қосымша дайындалды

Қазақстанда мал иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымшасы әзірленді. Бағдарлама 1 маусымнан бастап іске қосылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қосымша әрбір жануар иесіне өз малын түгендеуге көмектеседі. Бұл арқылы ветеринариялық дәрігерлер ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды уақытылы және толық көлемде жүргізе алады. Жүйе смартфонда онлайн және офлайн режимінде жұмыс істейді.

«Интернет болмаған жағдайда, бағдарлама желіге қосылғаннан кейін деректер жаңартылады. Бағдарлама арқылы ветеринариялық төлқұжат алуға болады және болашақта малды сатып алу-сату, жоғалтқан таңбаны ауыстыру, сондай-ақ сойғаннан кейін жануарды есептен шығару рәсімдерін жасауға болады», – деп жариялады министрлік өкілдері.

Әзірге «TortTulik» қосымшасын Android-та Playmarket-тен жүктеуге болады. Кейін Iphone қолданушыларына да қолжетімді болмақ.

Тағы оқыңыз: Ақтас ауылының жолының сапасы сын көтермейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x