Солтүстік Қазақстан облысында бюджеттен бөлінген 1,9 млрд теңге игерілмей қалуы мүмкін. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қазынадан бөлінген ақшаны игере алмай отырған шенділерді жазалау керек дейді.
“Сіздер абаттандыруға, жол жөндеуге және су құбырларына ақша сұрайсыздар да, оны игере алмайсыздар. Уақыт шамалы қалды. Бұл республикалық бюджеттен түсетін ақша. Біз оларды игермесек, келесі жылы жергілікті бюджеттен бөлуге мәжбүр боламыз. Көп жобалар бар. Біз адамдарға қандай аудан әкімі ақшаны игермей жатқанын айтатын боламыз. Шындығына келгенде, қаражат толық жұмсалып жатқан да жоқ. Ақшаны игере алмай отырғандарды жазалау керек”, — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.
Бөлінген қаражатты игере алмағандардың арасында денсаулық сақтау, құрылыс, білім басқармасы, Уәлиханов, Шал ақын ауданы, Петропавл қаласы бар. Ал Қызылжар, Мамлют, М. Жұмабаев аудандарында елді мекендерді сумен жабдықтауға бөлінгер қаражы игерілмеу қалуы мүмкін.
“Ақшаны игермеудің себептері ол — шарттардың кеш жасалуы және мердігер ұйымдардың міндеттемелерді орындамауы. Қыркүйек айында біз бұл туралы айтқан болатынбыз. Мен барлық шарттарды талдап, оларды сәйкестендіруді тапсырдым”, — деп атап өтті облыс әкімі.
Тағы оқыңыз: СҚО-ның кейбір аудандарда ет, сүт және жұмыртқа өндірісі төмендеген