СҚО-да мас күйде көлік басқарған ауылдық округ әкімі екі айдан бері жұмысқа шықпай отыр

Солтүстік Қазақстанда әдеп жөніндегі кеңес мас күйде көлік басқарған ауылдық округ әкіміне қатысты істі екі айдан бері қарастыра алмай отыр. Өйткені, шенеунік ауырып жатқан көрінеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еске сала кетейік, оқиға 27-ші қаңтар күні Көкшетау қаласында болған. СҚО Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің әкімі Сәкен Сәдуақасов мас күйде автокөлік басқарған. Осы әрекеті үшін шенеунік 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Ал әдеп жөніндегі кеңес Чкалов ауылдық округінің әкімі Сәкен Сәдуақасовтың үстінен тәртіптік іс қозғаған. Алайда екі айдан бері оны қарастыра алмай отыр.

«2024 жылдың 8-ші ақпанында әдеп нормаларын бұзғаны үшін Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округі әкімінің үстінен тәртіптік іс қозғалды. Бірақ оның уақытша еңбекке жарамсыздығы салдарынан іс тоқтатылды», – деп хабарлады СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментіндегілер.

Тағы оқыңыз: Бүгін қасиетті Қадір түні

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x