Петропавлда 6 сәуір күні  сағат 01:00 шамасында  Н. Назарбаев көшесінде LADA Granta көлігі мен Fiery 50 скутері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам жарақат алып, емдеу мекемесіне жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарымен 32 жастағы скутер жүргізушісі  ауруханаға жеткізілді.Ал LADA Granta көлігін тізгіндеген 25 жастағы жүргізушісі мамандардың тексеруінен кейін үйіне жіберілген.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша  материалдар одан әрі тергеп-тексеру және процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қаласы әкімшілік полиция бөліміне жіберілді. Қазіргі уақытта көліктер арнайы автотұраққа қойылды», – делінген облыстық ПД таратқан хабарламада.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x