СҚО-да майлы және дәнді дақылдар тұқымының сапасы тексеріліп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі егіс науқаны қарсаңында  дақылдардың спасы тексеріліп жатыр. Ол үшін облыс қазынасынан 166 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Былтыр күзде болған  көп жауын-шашын салдарынан астық сапасы төмендепті. Бірақ мамандар көктемгі дала жұмыстары кезінде тұқым мәселесі туындамайды деп отыр.  Бүгінге дейін 260 мың тоннадан астам тұқым тексеріліп, ең сапалысы іріктеліп алынған. Жалпы өңірде биыл 4,3 млн гектар алқапқа дәнді және майлы дақылдар егу жоспарланған. Оған 485 мың тонна тұқым қажет.

«Тұқымның сараптамасы бірінші және екінші класты бидайдың көп екендігін көрсетті. Класқа жатпайтындары да бар. Шамамен ол 600 тоннаны құрап отыр. Ондай тұқымды себуге болмайды», – дейді «ҚАЗАГРЕКС» АҚ СҚОФ директорының міндетін атқарушы Маймұна Мәмекова.

Жалпы өңір диқандары элиталық тұқымның көлемін ұлғайтпақ. Себебі, олар климаттың өзгеруіне, түрлі ауруларға шыдас береді және де өнімі жақсы.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша сортты жаңарту пайызы 9,5%-ды құрады, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 10% – ға дейін жеткізу қажет, бұл 48 мың тонна шегінде, 2028 жылға қарай бұл көрсеткішті 15% – ға дейін арттырамыз», – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов әкімдікте өткен жиында.

Тағы оқыңыз: Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді: рейске кешігіп қалмау үшін не істеу қажет

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x