СҚО-да мұғалім оқушыларға дәстүрлі емес діни ағымды насихаттаған

Петропавлда мұғалім мектеп оқушыларына дәстүрлі емес діни ағымды насихаттаған. Сабақ Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының қабырғасында жүргізілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ұл-қыздардың санасын уламақ болған адам гимназия интернатында ағылшын тілі пәнінен сабақ береді. Жасы 28-де. Арам ойлы жігіт жыл бойы бейнебақылау камерасы жоқ сынып бөлмелерінде оқушыларға дәстүрлі емес діни ағымды насихаттап келген. Негізінен, жоғары сынып оқушыларын, әсіресе озат, белсенді ұл-қыздарды тартқан көрінеді. Мұндай ақпаратты бейтаныс біреу полицияға айтып, шағымданған. Әлеуметтік желіде сабақтарының үзіндісі түсірілген бейне де тарап кетті. Заңға қайшы әрекетті оқушылар да растады. Оқытушыдан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған дәптер тәркіленді. Қарағанды облысының тумасы өз кінәсін мойындаған. Мұндай қылығы үшін оған айыппұл салынды.

Тағы оқыңыз: Ұзаққа созылған «Челябі-Новосібір» тасжолындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x